Тәрбие негіздері бала кезінен қаланады

22 сәуір, 2024

ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында 2024 жылғы 22 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Матыжанов Кенжехан Іслямжанұлының «Уыз тәрбие» тақырыбында көшбасшылық дәрісін ұйымдастырды. Көшбасшылық дәріс Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына арналған. Дәрістің модераторы филология ғылымдарының кандидаты, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Тілеубаев Советхан Баянұлы болды.

Дәріс барысында балалар мен жастарды тәрбиелеу мәселелері, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық дәстүрлердің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөліталқыланды. Филология ғылымдарының докторы, профессор Сейітжанов Зұфар Нұрсапұлы, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірболат Алуа Берікбайқызы сөз сөйлеп, адамгершілік құндылықтардың маңыздылығын, адамның қалыптасуындағы отбасының рөлін атап өтті.

Дәрісті ұйымдастыруға ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD, доцент Даутова Гүлназ Рахимқызы, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Шортанбай Шоқан Амангелдіұлы белсенді қатысты.