Мемлекеттік қайраткерінің жазушылық кырлары

22 сәуір, 2024

2024 жылдың 22 сәуірінде ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында «8D02304 – Әдебиеттану» мамандығының 1 курс докторанттары қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының қолдауымен «Мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің жазушылық қырлары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Кездесу аясында олар Т.Қ. Жүргенов, Ш. Мұртаза, Дж. Голсуорси, Лу Синь, М.Тэтчердің әдеби мұрасны талқылады. Докторанттар мемлекеттік қызметтің осы тұлғалардың дүниетанымы және көркем шығармашылығына қандай әсер еткенін атап өтті.

Докторанттар С. Оразғалиева, Р. Болат, Р. Әметова, А. Садық, А. Сайлаухан баяндама жасап, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің әдеби мұрасына баға берді.

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Б. Темірболат және доцент Б.С. Иманғалиев қорытынды сөз сөйледі. Олар Т.Қ. Жүргенов, Ш. Мұртаза, Дж. Голсуорси, Лу Синь, М. Тэтчердің көркем шығармаларын қай бағытта зерттеуге болатынын түсіндіріп, дөңгелек үстелдің нәтижелерін  қорытындылады.