- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Функционалды материалдардың химиялық технологиялары» атты X халықаралық Қазақстан-Ресей ғылыми және практикалық конференциясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдығына арналған 25 – 26 сәуір, 2024 ж.
«Функционалды материалдардың химиялық технологиялары» атты X халықаралық Қазақстан-Ресей ғылыми және практикалық конференциясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдығына арналған 25 – 26 сәуір, 2024 ж.
2024 жылдың 25-26 сәуір аралығында «Функционалды материалдардың химиялық технологиялары» атты X халықаралық Қазақстан-Ресей ғылыми және практикалық конференциясы өтеді. Биылғы конференция Қазақстан Республикасының көптеген салалары үшін кадрлар дайарлауда маңызы зор оқу орны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдығына арналған. Конференция академик Е.Е. Ергожин атындағы конференц-залда аралас офлайн/онлайн форматта өтеді.
Конференция барысында функционалды материалдардың химиялық технологияларының өзекті мәселелері талқыланады.
Конференция-мектептері бағдарламасына Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Түркия және Марокко елдеріндегі ғылыми-зерттеу және оқу орындарының материалдарды зерттеу мен синтездеу салаларындағы жетекші отандық және шетелдік сарапшылардың пленарлық дәрістері кіреді. Сондай-ақ конференцияның секциялық жұмысына Алматы, Новосибирск, Астана, Сургут, Томск, Қарағанды, Түмен қалаларындағы жоғарғы оқу орындары мен жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарынан 100-ден астам жас ғалымдар мен студенттер қатысады.
Конференция «Функционалды материалдар технологиялары» және «Жалпы химиялық технологиялар» атты екі тақырыптық секцияларда өтеді, онда ауызша және постерлік баяндамалар талқыланатын болады. Конференцияға қатысыуға уақыт бөлген барлық конференция қатысушылары мен қонақтарына алғысымызды білдіреміз. Сіздерге жемісті талқылаулар мен жаңа жетістіктер тілейміз!
Аубакиров Е.А.
Акбаева Д.Н.
Ешова Ж.Т.