Магистранттардың педагогикалық практикасы шеңберіндегі іс-шара

24 сәуір, 2024

ТДМ-12. 2024 жылдың 17 сәуірінде "Менеджмент" ОБ 1-курс магистранттары, э.ғ.к. Туребекова Б.О. жетекшілігімен педагогикалық практика аясында"Заманауи тұрақтылықтағы көшпенділердің ізі: экология, инновация, туризм" атты халықаралық іс-шара өткізді.

Іс-шара "Менеджмент" ОБ ағылшын бөлімінің 1 және 2 курс студенттерін жинады және халықаралықмәртебеге ие болды. Әр түрлі елдердің сарапшылары, олардың арасында Қытай мен Вьетнамнан келгенқатысушылар, сондай-ақ Akdeniz University түрікуниверситетінің студенттері қатысты.

Студенттермен ТДМ-нің өзекті мәселелерінеарналған командалық жарыс түріндегі пікірталастарөткізілді. Әр түрлі елдер мен мәдениеттердің өкілдеріболып табылатын іс-шараға қатысушылар белсендітүрде пікір алмасып, тәжірибемен бөлісті, Шара студенттерге проблемаларды тереңірек түсінуге жәнебірлескен шешімдер іздеуге ықпал етті.

Іс-шара қатысушыларға тұрақты даму саласындағы негізгі тақырыптар мен сын-қатерлерді талқылауға мүмкіндік беретін бірқатар презентацияларды, панельдік пікірталастарды және сұрақ-жауап сессияларын қамтыды.