Әлеуметтік кәсіпкерлік тақырыбындағы жобаларды талқылау
17.04.2024 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУЭкономика және бизнес жоғары мектебінде тұрақтыдаму мақсаттары аясында "Әлеуметтік кәсіпкерлік: қоғамдық игілікке арналған инновациялар" тақырыбында іс-шара өтті!
3 курс студенттері әлеуметтік кәсіпкерлікпринциптерін ескере отырып әзірленгенинновациялық жобаларын ұсынған болатын. Оларкелесі Тұрақты даму мақсаттарын қамтыды: ТДМ-нің1-ші мақсаты «Кедейлікті тоқтату», 6-шы мақсаты«Гендерлік теңдік», 8-ші мақсаты «Лайықты еңбекжәне экономикалық өсу», 10-шы мақсаты«Теңсіздікті азайту».
Әр жоба бойынша қызу пікірталас пен талқылаулар жүргізіліп, маңызды қорытындыларжасалды. Сондай-ақ іс-шараға сараптамалық топтыңатынан «Менеджмент» кафедрасының оқытушыларыдоцент Джулаева А.М., аға оқытушы Аскеров А.А. және оқытушы Жайназарұлы А. іс-шараға белсендіқатысып, өз пікірлерін ортаға салып, жобаларға бағаберді. Іс-шара жастардың біздің қоғам үшін жақсыболашақ құруға қалай үлес қоса алатынын көрсететінүлкен тәжірибе болды.
Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандарыүшін және әлемді жақсартуға деген ұмтылыстарыүшін алғыс айтамыз!
Іс-шара “Жобаларды басқару” ОБ-ның 1 курс магистранттары педагогикалық тәжірибе шеңберіндеұйымдастырды.