Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Британдық жоғары оқу орындарының делегациясы арнайы сапармен келді

23 сәуір, 2024

Ғылым мен білім беруді дамыту саласында әріптестік орнату мақсатында Ұлыбританияның Abertay University, Ulster University, London South Bank University, Queen Margaret University, Ирландияның – University of Limerick, Австралияның – Charles Sturt University, Канаданың Niagara College, Saskatchewan Polytechnic және басқа да ЖОО өкілдері келді

Сапар барысында құрметті қонақтарға кампус тур ұйымдастырылып, университет қалашығы мен ғылыми жетістіктері таныстырылды

Еліміздің ЖОО ішіндегі бірегей университеттің терең тарихы мен болашағынан кең мағлұматтар алған ағылшын делегациясы музей экспозицияларына қызығушылықтарын танытты