КітапФест

24 сәуір, 2024

23.04.2024 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминиластика  кафедрасының доценті, з.ғ.к. М.К. Бисенова 1-курс докторанттарымен дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай университетіміздің мәдени орталықтарының бірі әл-Фараби кітапханасында «КітапФест» акциясын өткізді.
Іс-шара зерттеушілер мен білім алушылар арасында оқу мәдениетін қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған. Акция оқу әдетінің дамуын ынталандыруға ғана емес, сонымен қатар әдеби жанрлар мен өзге бағыттардың кең ауқымына қол жеткізу арқылы қатысушылардың білімін байытуға арналған. Мұндай акция кітаптарды түсіну шекарасын кеңейту арқылы жаңа идеялар мен перспективаларды ашуға көмектеседі.
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ұйымдастырылған іс-шара кітапхананың тарихи мұрасы мен академиялық миссиясына деген құрметті нығайтып, оның кітап қоймасы ғана емес, сонымен қатар зияткерлік даму мен ғылыми коммуникация орталығы ретіндегі мәртебесін растады.