Жалпы республикалық еріктілер дөңгелек үстелі өтті
Ағымдағы жылдың 19 сәуірі Достық үйі алаңында еріктілердің жалпы республикалық дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстелге көптеген еріктілер, қоғам қайраткерлері, жастар пікірінің көшбасшылары шоғырланды. Іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы, Алматы қаласында орналасқан халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, студент жастар мен жұртшылық өкілдері бас қосты.
Ауқымды әрі маңызды бұл шарада ҚазҰУ-дың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер» қатарындағы студенттері де болды.
Іс шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер тақырыбында әр өкіл өзінің пікірін білдіріп, заңсыз сыйақы алу зардаптарын, пара алу мен пара берудің алдын алу шаралары және ондай іс-әрекеттердің қылмыстық заңмен қудаланатындығы жайлы талқылады. Мемлекеттік бюджетке, экономикаға келетін зиян мен барлығымыз бірге күресуге, жастарды адал орта құрып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзбеушілік деңгейін қалыптастыруға шақырды.