«Modern Student» жобасы

18 сәуір, 2024

18 сәуір күні механика-математика факультетінің «Студенттер ғылыми қоғамы» ұйымы бастамасымен «Modern Student» жобасының ІІ кезеңі өтті. Бұл іріктеу кезеңінде қатысушы студенттерге түрлі тапсырмалар берілді. Соның ішінде, олар логикалық тапсырмалар орындау арқылы білімдерін жетілдіре түсті. Жобаның соңында студенттерге финалдық кезеңге жолдама берілді.