Жүсіп Баласағұни атындағы Қырғыз ұлттық университетінде өткізілген қонақ дәріс

24 наурыз, 2024

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті, з.ғ.д. Рахметов Е.Ш. 24 сәуір 2024 жылы Жүсіп Баласағұни атындағы Қырғыз ұлттық университеті оқытушы-профессорлық құрамымен және студенттерімен кездесті. Кездесу барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультеті жайлы жан-жақты ақпарат беріліп, оқу үдерісіндегі озық тәжірибелер жайлы айтты. Сонымен қатар ҚР аграрлық құқының өзекті мәселелеріне байланысты дәріс оқыды. Қонақ дәріс әрі ғылыми семинар өте жоғары деңгейде және қызықты өтті.