«NEW PERSPECTIVES. NEW OPPORTUNITIES» атты жастар форумы

16 сәуір, 2024

16 сәуір күні университетімізде «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының құрылғанына 25 жыл толуына орай «NEW PERSPECTIVES. NEW OPPORTUNITIES» атты ЖАСТАР ФОРУМЫ өтті!
Форумда кәсіподақтың негізгі мақсаттары мен өзгерістері жарияланып, соңғы 10 жылдықтағы жұмыстарға шолу мен қорытынды жасалды. Алдағы уақытта 5 бағыт бойынша атқарылатын жобалар талқыланып, спикер қонақтарvен ой-талқы өтті. Сонымен қатар, белсенді студенттер 25 жылдыққа орай арнайы медаль, алғыс хаттармен марапатталды. «Сұңқар стипендиясының» иегерлері анықталып, нәтижесінде 25 студентке шәкіртақы тағайындалды.