Қойшыбаев Ғабит Бейбітұлы – қазақстандық дипломат. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы (2019-2022), Моңғолиядағы (2022 жылдан) Төтенше және Өкілетті Елшісі. 1972 жылы 12 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Шет тілдерінде сөйлейді: ағылшын, қытай, жапон.
1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетті бітірді
1999 жылы ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын бітірді
Өз мансабын 1994 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істеп бастады
1994-2011 жылдар кезеңінде Орталық аппарат пен ҚР шетелдегі мекемелерінде әртүрлі қызметте болған
2011-2014 жылдары Шанхай қаласындағы ҚР Бас консулы (ҚХР)
2014-2016 жылдары ҚР СІМ Орталық аппаратында басшылық лауазымда болған
2016-2019 жылдары ҚР Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары
2019-2022 жылдары ҚР Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
ҚР Президентінің 2022 ж. 8 сәуірдегі Жарлығымен ҚР Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды
Дипломатиялық ранг: II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл