Нұрышев Шахрат Шәкизатұлы

24 сәуір, 2024

2015 ж. бастап Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы және 2024 ж. бастап Корея Халық Демократиялық Республикасында Төтенше және Өкілетті Елшісі болып жұмыс атқарады.

1972 жылы 20 маусымда Алматы қаласында туған. 1995 ж. Пекин тіл университетін, 1996 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, және 2012 ж. Назарбаев университетін бітірген.

1996-1997 жылдардан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия елдері басқармасының референті қызметтен мансабын бастады.1997-1999 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Үрімші қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) Төлқұжат-визалық қызметінің атташесі, үшінші хатшысы. 1999-2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы болып жұмыс атқарған. 2004-2005 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің бөлім бастығы, басқарма бастығы. 2005-2007 жж. - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы тұрақты өкілі. 2007-2008 жж. - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі. 2008-2015 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі және Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестірушісі. 2009-2010 жж. - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ауғанстан Ислам Республикасымен ынтымақтастық сұрақтары бойынша Арнайы өкілі. 2015-2019 жж.  - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2015-2019 жж. - Қазақстан Республикасының Корей Халық-Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 2019-2022 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. ҚР Президентінің 2022 жылғы 8 cәуірдегі Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып қайта тағайындалды.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

 

Басқа жаңалықтар