Батырхан Құрмансейіт - Дипломат, шығыстанушы-жапонтанушы ғалым, Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша PhD докторы. Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің Құрметті профессоры. Токио шет тілдері университетінің штаттат тыс оқытушы-профессоры.
Халықаралық қатынастар саласына қатысты көптеген мақалалардың,
"Мен көрген Жапония" атты кітаптың авторы.
Қазақ, орыс, ағылшын және жапон тілдерін біледі.
Дипломатиялық дәрежесі: Екінші дәрежелі Төтенше және Өкілетті Уәкіл.
Білімі:
⁃ Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (ҚазҰУ) Шығыстану факультетінің жапон тілі бөлімін тәмамдаған (2001).
⁃ Орталық Азия университетінің Заң факультетін тәмамдаған (2006).
⁃ Жапония Білім және ғылым министрлігінің бағдарламасы бойынша Жапонияның Киотo университетінде біліктілігін арттырған (2000).
⁃ Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (ҚазҰУ) тарих факультетінің аспирантурасында оқыған (2001-2004).
⁃ Жапонияның Кокушикан университетінде халықаралық қатынастар саласы бойынша ғылыми зерттеуші болып, 2016 жылы философия докторы ғылыми дәрежесіне ие болған (PhD). Докторлық диссертациясын жапон тілінде жазған (2011-2016).
Қызметі:
⁃ 2002-2008 жылдары "NIKA SERVICE-1" ЖШС компаниясында директор.
⁃ 2008 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.
⁃ 2008-2014 жылдар аралығында Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде бірнеше лауазымда қызмет атқарған:
⁃ 2008-2009 жылдары Екінші хатшы;
⁃ 2009-2011 жылдары Бірінші хатшы;
⁃ 2011-2013 жылдары Кеңесші;
⁃ 2013-2014 жылдары Кеңесші-уәкіл (Елшінің орынбасары).
⁃ 2014 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында инспектор.
⁃ 2014 жылдың күзінен "Атамекен" Кәсіпкерлер Ұлттық палатасының Сыртқы сауда палатасында қызмет жасап, Қазақстан-жапон экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комитеттің төрағасы болған.
⁃ 2015-2017 жылдары "New & Rare Resources” ЖШС компаниясында Бас директор.
⁃ 2017-2019 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туриз басқармасының басшысы (ОҚО, Түркістан облысы Әкімінің кеңесшісі) лауазымында болған.
⁃ 2019-2021 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі.
⁃ 2021 жылдың жазында ҚР Жапониядағы елшілігінің Кеңесші-уәкіл (Елшінің орынбасары) лауазымына қайта тағайындалды.
Қоғамдық қызметі:
⁃ Қазақстан жапонтанушылар қоғамының төрағасы.
⁃ Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің түлектер қауымдастығының төрағасы.
⁃ Egemen Qazaqstan республикалық газетінің халықаралық сарапшысы.
Жапон тілі бойынша жетістіктері:
⁃ Орталық Азия мемлекеттері студенттері арасындағы жапон тілі сайысының жеңімпазы, 1998 жыл, Алматы.
⁃ ТМД мемлекеттері студенттері арасындағы жапон тілі сайысының жеңімпазы (Қазақстан тарихында тұңғыш рет), 1998 жыл, Мәскеу.
⁃ Жапониядағы шетелдік дипломаттар арасындағы жапон тілі сайысының екі дүркін жеңімпазы (Қазақстан тарихында тұңғыш рет), 2009 және 2012 жылдары, Токио.
⁃ Жапония Сыртқы істер Министрінің арнайы грамоталары және кубоктарымен марапатталған. ҚР Сыртқы істер Министрінің құрмет грамотасымен марапатталған.
⁃ Бірінші (жоғарғы) дәрежелі жапон тілінің маманы.
⁃ Жапониядағы шетелдік дипломаттар арасындағы жапон тілі сайысы қазылар алқасының тұрақты мүшесі.