"Лайықты еңбек және экономикалық өсу "
25 сәуір, 2024
25.04.2024 күні Мырзатаев.Н.Д және 117-топ студенттері арасында Лайықты еңбек және экономикалық өсу тақырыбында сабақ өтті.
2017 жылы әлемдік жұмыссыздық деңгейі 5,6 пайызды, ал 2000 жылы 6,4 пайызды құрады.2016 жылғы мәліметтер бойынша, бүкіл әлем бойынша барлық жұмысшылардың 61 пайызы экономиканың бейресми секторында жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы секторын қоспағанда, бұл көрсеткіш 51 пайызды құрайды. Деректері қол жетімді 45 елдің 40-ында ер адамдар әйелдерге қарағанда 12,5 пайызға көп айлық алады. Жаһандық ауқымда әйелдердің жалақысы ерлердің жалақысынан 23 пайызға аз. Бұл айырмашылықты жою үшін 68 жыл қажет болады. Бұл ретте, әйелдердің еңбекке тартылуы 63 пайызды, ал ерлердің жұмысқа тартылуы 94 пайызды құрайды. Әйелдердің қоғамдық өмірге көбірек қатысуының өсуіне қарамастан, олар ақы төленбейтін үй жұмыстарымен ерлерге қарағанда 2,6 есе жиі айналысады.
2016-2030 жылдар аралығындағы кезеңде әлемдік еңбек нарығының жаңа қатысушылары үшін 470 миллион жұмыс орны қажет болады.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024