Магистранттардың диссертациясын алдын ала қорғау
2024 жылдың 24 сәуірінде «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының ғылыми-педагогикалық бағытының 2 курс магистранттарының диссертация алдындағы қорғауы өтті. Алдын ала қорғауға 17 магистрант және олардың жетекшілері қатысты. Жұмыстар «7М04217 – «Күкықтану», «7М04216 – Қаржы құқығы» ЕП бойынша орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде жазылған. Диссертациялық жұмыстар сақтандыру, қаржы, салық, банк, кеден, экология және жер құқығы саласындағы өзекті тақырыптарға арналған. Магистранттар өз сөзінде таңдаған тақырыптың өзектілігіне, мақсат-міндеттеріне, теориялық және практикалық маңыздылығына тоқталып, диссертация тақырыбы бойынша айтылған ережелерді негіздей білді. Ғылыми жетекшілер оң пікірлерін білдіріп, қорғауға ұсынуға болатындығын айтты. Комиссия жұмыстың аяқталған диссертациялық зерттеу екенін атап өтіп, қорғауға жіберуді ұсынды.