- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Жерді құқықтық қорғау: проблемалар, шешу жолдары және даму перспективалары" атты ғылыми семинар
"Жерді құқықтық қорғау: проблемалар, шешу жолдары және даму перспективалары" атты ғылыми семинар
2024 жылғы 22 сәуірде кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Роза Ережепқызы "Жерді құқықтық қорғау: проблемалар, шешу жолдары және даму перспективалары" атты 12-шы ТДМ жүзеге асыру аясында ғылыми семинар өткізді. 22 сәуір - Халықаралық Жер күні (Earth Day). Халықаралық Жер күні 2009 жылдың 22 сәуірі күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 63-інші сессиясында бекітілді.
Ғылыми семинардың мақсаты – жерді қорғауды құқықтық қамтамасыз ету ұғымын қалыптастыру, жердің сапалық және сандық көрсеткіштерін сақтау мен арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құқықтық құралдарды жетілдіру, жерді қорғау жөніндегі міндеттерді орындаумен байланысты құқықтық мәселелерді шешу болып табылады. Ғылыми семинар тақырыбы бойынша көптеген қызықты сұрақтар қойылып, алдағы жоспарлары белсенді талқыланды