«Ер мен әйел: қоғамдағы ара қатынас мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел
24.04.2024 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінде БҰҰ қабылдаған адамзатқа ортақ орнықты даму мақсаттарын насихаттау мақсатында мәдениеттану білім бағдарламасының 1-курс студенттерімен «Ер мен әйел: қоғамдағы ара қатынас мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Модераторлар Х.Ж.Смағұл және С.Е.Базашевалар мәдени іс-шараның мақсатымен таныстырып, гендер, гендерлік теңдік, Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша орын алған әкімшілік құқықтық фактілер туралы ақпарат берді.
Мәдениеттану білім бағдарламасының 2-курс студенті Аубакиров Мадияр маскулинділік және фемининділіктің ескі стандарттағы сапалық белгілері (стеоретип) таптаурын ретінде әлі де арамызда өмір сүріп келе жатқандығын және бұл Европалық критерийлердің қазақ дәстүрлі қоғамында кездеспейтінідігін алға тартты.
2-курс студенті Буркутова Балнұр ер адамға тән қасиеттерді, қазіргі әйел образының заманауи өзгерісін сипаттап берді.
Модератор С.Базашева білім алушы Д.Бекұлынан өз ойыңыздағы әйел образын сипаттауды сұрады. Ол өзінің болашақ екінші жұбынан ұқыптылық, өзіне күтім жасай алу сияқты белгілерді көргісі келетінін айтты және С.Базашеваның ер адам жары ретінде бейсаналы түрде анасына ұқсас қызды іздейтіні туралы пікірімен келісті.
2-курс студенті Баяхмет Аружан қазіргі кезде әкелер отбасында көп сөйлейтін болып кеткен, яғни бала тәрбиесінде ауыр сөздер көп айтылады – деді.
2-курс студенті Аубакиров Мадияр қазіргі кезде бойында тестестерон гармонының деңгейі жоғарылап, ерлер жасай алатын ауыр физикалық жұмыстарды атқарып жүрген әйелдер көбеюде, тіпті рационалдылықты талап ететін қызметтерде де әйелдер жиілеп бара жатқанынын айтты.
Осы топ студенті Жамбыл Арайлым: «Дәстүрлі түсініктегі ер мен әйелдің сипатттары қазіргі кезде өте шиеленісіп кеткендіктен ескі стереотиптерден бас тартып, гендерлік теңдікті іскерлік, жеке, туыстық қатынастарда тиімді орын алуына қоғам болып араласып жалпы жүйені сотқа тарту керек.
Дөңгелек үстел соңын модераторлар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған заңдағы жазалар туралы шағын ақпаратпен қорытындылады.