"Дүниежүзілік кітап күніне"

23 сәуір, 2024

23 сәуірде бүкіл әлемде «Дүниежүзілік кітап күніне» арналған іс-шара өтеді. Ол 1995 жылы ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында құрылған. Кітап-таусылмас рухани қазына. Рухани байлықты көздің қарашығындай сақтау, ұрпақтан-ұрпаққа аманат ету – бүгінгі жастар үшін басты мәселе болуы керек. Осы орайда «Шетел тілі» кафедрасының аға оқытушысы Момбекова Н.Б, «Биология және Биотехнология» факультеті 1-ші курс студенттерімен іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты-студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Сабақ барысында студенттер тақырыпқа қатысты цитаталардың мағынасын түсіндірді, сүйікті кейіпкерлерін суреттеді, O’Henry, “Girl” әңгімесінен үзінді көрсетті, студенттер өздерінің сүйікті кітаптарын сипаттап бір-бірімен алмасты, сабақтың соңында “Quizlet” тест орындады. Сабақ өте қызықты өтті.

https://drive.google.com/file/d/17mgUepgmHYD6qZoCWLgBQtp_Luhsaak0/view?usp=drive_link