Нүптекеев Нұрман Батталғазыұлы

26 сәуір, 2024

Мен, Нүптекеев Нұрман Батталғазыұлы, 13 желтоқсан 1980 жылы Талдықорған облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында шопан әулиетінде дүниеге келдім. 1987 жылы Пафилов қаласындағы (кейіннен Жаркентке ауысқан) Панфилов атындағы мектеп интернатының орыс сыныбына барып, кейіннен 1991 жылы Ақжазық ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектепке қазақ сыныбына ауысып, 1997 ж. мектепті үздік тамамдап, сол жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Шығыстану факультетінің студенті атандым. 2004 жылы аталмыш ЖОО-нын қытай тілі мен қытай әдебиеті пәнінің мұғалімі, қытай тілі аудармашысы, референт мамандығы бойынша үздік диплом алып, сол кафердрада ұстаздық қызметке қалдырылдым. 1999-2000 жж. аралығында Қазақстан Республикасы ұкіметінің халықаралық студенттер алмасу бағдарламасымен ҚХР Шанхай қаласы, Шанхай Университетінде тілұстарту курсын үздік тамамдадым.

Студенттік кезеңде түрлі ресми деңгейлердегі іс шараларға, жобаларға қытай тілі аудармашысы ретінде тартылып, аударма ісінде мол тәжірибие жинақтадым. Одан бөлек, АқтөбеМұнайГаз, АмангелдіГаз, Қытай Экспорттық-импорттық тауарлардың экспертизасы компанияларында аудармашы және эксперт қызметтерін атқардым.

2004 жылы Керімбаева Шамшат Жүрсінбайқызымен отау құрып, бүгінде екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған көп балалы отбасымыз.

2006 жылы мамыр айынан бастап, Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы АҚ компаниясы, Сыртқы байланыс департаментіне бас маман, басшының орынбасары, Департамент басшысы қызметтерін 2011 жылғы тамыз айына дейін атқардым.

2011 жылы қыркүйектен бастап Алпроф консорциумында сыртқы байланыс кейіннен заң департаменттерін басқардым.

2012 жылы мамыр сәуір айынан бастап Алматы тері өңдеу зауыты директордың орынбасары қызметін атқардым.

2013 жылдан бастап тері өңдеу саласында жеке кәсіппен айналыса бастадым. Алдымен қой терісін илеп, астар, тон, жәкет, қолғап, аяқкиім тігетін және киіз жасайтын цехтар аштық. Сосын ірі қара мал терісін илеп шығаратын зауыт сатып алдық.

2017-2018 жж. аралығында Алматы тері өңдеу зауытына бас директор қызметін атқардым.

2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ірі-қара және ұсақ мал терілерін өңдеушілердің заңды тұлғалар бірлестігі Ассоциациясы төрағасы қызметін атқарып жатырмын.

2023 жыл тамыз айынан бастап Екібастұз тері өңдеу зауытының директорымын.

Басқа жаңалықтар