1 курс студенттерімен тәрбие сағаты өткізілді

24 сәуір, 2024

2024 жылдың 24 сәуірінде №4-ші ТДМ «Сапалы білім» аясында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы С.М. Жапаков Заң факультетінің 1 курс эдвайзерлік 102 топ  студенттерімен тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатына заң факультетінің деканы з.ғ.д.,профессор Байдельдинов Даулет Лаикович және декан орынбасары PhD докторы Асанова Саида Эргашевна қатысты. Тәрбие сағаты жоспарға сай өткізілді. Сонымен қатар екінші семестрдегі сабақ үлгерімі туралы сұрақтар көтерілді және тәрбие сағаты барысында Даулет Лаикович университетіміздің іс-шараларына белсене қатысып жүрген бір топ студенттерге өз алғысын білдірді және алдағы жазы семестірдегі емтихандарын уақытында тапсырып оқу жылын тәртіпті аяқтауларына сәттілік тіледі.