ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ – ТАТУЛЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде қазақ тілінің мәселесінек тоқтала келе "уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін. Қазақстан – қазақ тілі мемлекеттік тіл саналатын көп тілді ел, болашақта да солай бола береді. Бұл – біз үшін орасан зор басымдық" деп атап көрсетті. Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық этностарды ортақ шаңырақ астына біріктіре отырып, 29 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі негізінен Қазақстанның барлық халқы арасында түрлі этностардың мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтауға және танымал етуге бағытталған. Ассамблеяда Қазақстан халқының бай әлемін ашатын іс-шаралар өткізіледі.
Егеменді еліміздің тұрақты дамуына Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің қосатын үлесіжылдан-жылға көбеюде. Өзге ұлт өкілдерінің өздері тұрып жатқан елдің мәдениеті мен дәстүріне деген құрметі, мемлекеттік тілді білуі маңызды фактор болып табылады. Ұлттық тілді құрметтеу әрбір қазақтанда тұратын адамдардың орындауға тиіс маңызды міндет. Ал Қазақстан азаматтары құрметтеуге тиіс ұлттық тіл- қазақ тілі.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Менеджмент" кафедрасының профессор-оқытушы ғалымдары, Ел ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу"атты ХХХІІІ сессиясындағы қойылған міндеттерді қолдай отыра, оны табысты жүзеге асуына өз үлесімізді қосамыз.