Ұжымдық намаз аясында Алматы қаласы Бостандық ауданының "Байкен" мешітінде бас имам Болатбек Ұласқанұлының шақыруымен Исламның басты талабы ретінде және қазіргі заманғы мемлекеттің тұрақты дамуының 4-ші мақсаты мен негізі ретінде сапалы білім мен сауаттылықтың маңыздылығы туралы уағыз айтылып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі сөз сөйледі. Оған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қаржы, кеден және экологиялық құқық кафедрасының доценті, з.ғ. к. Ж.М.Аманжолов та қатысты. Діни қызметкер өз сөзінде : ғылыми білімнің, сапалы білімнің құндылығы және олар арқылы ізгі тұлғаны қалыптастыру біздің қоғамымыздың табиғи негізіне айналуы қажеттілігін баса атап өтті. Қасиетті Құранға сәйкес, үздіксіз білім алу - адамның өмірінің барлық саласына әсер ететін маңызды функцияларының бірі. Жамағатпен кездесу соңында Қазақстанда білім беру әрқашан тәрбиелеуге, қабілеттерді дамытуға, білімді үйретуге, сыйластық пен этикалық нормаларға бағытталуын тілей отырып, дұға жасалды.