“Су - өмір көзі” дөңгелек үстел

26 сәуір, 2024

25.04.2024 ж. сағат 15:00 де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының 2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен “Тұрақты Даму Мақсаттарының” 6-шы секциясы аясында “Су - өмір көзі” атты іс-шарасы өтті. Іс-шарада студенттер судың біздің өміріміз үшін, ғаламшарымыз үшін қаншалықты маңызды екенін презентация, сұхбат, сергіту ойындары және бейнебаяндар арқылы  көрсетті. Келген қонақтарға суды үнемдеу жолдары жазылған фото-карточкалар таратылды, жанды дауыста, музыкалық аспаптарда ән айтылды. Қонақтар алғыстарын айтып, бүгінгі таңда ең өзекті тақырыптардың қозғалғандығына, студенттердің тапқырлығына ризашылықтарын білдірді.

 

                                                                  Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының

                                                                                             куратор-эдвайзері А.Ж. Назарова