ҚазҰУ-да шетелдік студенттер форумы өтті

26 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ЖОО-ның 90 жылдығына арналған «Менің болашағым: Кешегі мен. Бүгінгі мен. Менің ертеңім» атты шетелдік студенттер форумы өтті.

 

Студенттік шара коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға, қазіргі тілді меңгеру деңгейін арттыруға, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға, пікірталас, сөйлеу этикетін жүргізуге бағытталған.

Форумды модератор ретінде ҚазҰУ-дың филология факультетінің профессоры, педагогика ғылымының докторы, «Орыс тілі мен мәдениеті» орталығының жетекшісі Сәуле Бегалиева ашты. «Бүгінде бұл залда Жапония, Түрікменстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей сияқты елдердің атынан қатысып отырған көптеген шетелдік студенттер бар, – деп атап өтті Сәуле Баязқызы. – Форум тақырыбы жеке даму мен уақыт эволюциясына арналған. Кеше – бұл сіздің тұлғаңызды қалыптастырған  өмірлік тәжірибелер мен сабақтар. Бүгін –бұл сіздің нақты жағдайыңыз, жетістіктеріңіз, мақсаттарыңыз бен армандарыңыз. Ал ертең – бұл сіздің болашағыңыз, жоспарларыңыз. Бұл тақырып үздіксіз өсу, өзін-өзі тану және даму, болашақ кәсіби қасиеттерді қалыптастыру идеясын көрсетеді. Форум бізге кәсіби және жеке даму үшін күш-жігерімізді жұмылдыруға мүмкіндік береді».

Форум қатысушыларын филология ғылымының докторы, профессор, филология факультетінің деканы Баян Жолдасбекова қарсы алды. «Біздің форум 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өтіп жатыр. Біздің мемлекетіміз өте толерантты, көпұлтты, бұл туралы Президентіміз Қ.Қ.Тоқаев әрқашан айтады. Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы өтті. Осы оқиғалар тізбегінде бүгінгі іс-шара ерекше маңызға ие болатынын атап өтуге болады», – деді Баян Өмірбекқызы. Бұдан әрі форумға арнайы дайындалған бейнесюжеттер көрсетілді, онда шетелдік студенттер, әлемнің түрлі елдерінен келген жас оқытушылар Қазақстандағы өмір және оқу тарихымен бөлісті. 

Форум аясында «Алматы әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті және «Өмірдің мәні қандай?», «Бізді Қазақстан біріктірді» атты эссе байқауының қорытындылары жарияланды.

Форумның мақсаты – коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру, заманауи тілді меңгеру деңгейін арттыру, көпшілік алдында сөйлеу, пікірталас, полемика және сөйлеу этикеті дағдыларын дамыту.

Іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Eurasian Scientific and Methodological Journal «East-West» for master and doctoral students, Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті, Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті, Самарқан мемлекеттік университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, Шетел тілдер университеті (ЮЕСЮ), Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті қатысты.

Форумды ұйымдастырушылар – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің Орыс тілі және әлем әдебиеті кафедрасы, «Орыс тілі және мәдениеті» орталығы, Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының Педагогика және психология кафедрасы.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызмет