Цифрлық дәуірдегі архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету: заманауи бағыттары мен шешу жолдары

26 сәуір, 2024

ТДМ шеңберінде №4 «Сапалы білім» және №17 «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік»

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультеті, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві қатысуымен, 2024 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары студенттерінің арасында архивтану және құжаттану пәндері бойынша ХVI Республикалық пәндік олимпиада өткізді.

Биылғы Республикалық пәндік олипиада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық және Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінің 30 жылдық мерейтойларына арналды.

Олимпиада жұмысына Ресей Мемлекеттік Гуманитарлық Университетінің бірінші проректоры және ғылым жұмысы бойынша проректоры Павленко Ольга Вячеславовна қатысып, студенттерге жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінің директор орынбасары Карибжанова Роза Самидоллиновна қатысушыларға сәттілік тіледі.

Олимпиаданың мақсаты – дарынды студенттерді іріктеп, шығармашылық қабілеттерін ашу және қолдау көрсету, зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу, сонымен қатар, архивтану және құжаттану ғылым салаларында ғылыми мәселелерді шешуге жұмылдырып, ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.

Олимпиаданың тақырыптық бағыты:

"Цифрлық дәуірдегі архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету: заманауи бағыттары мен шешу жолдары".

Олимпиада қатысқан командалар:

1. «DiForce» тобы

2. «Gold Archive» тобы

3. «Future Destiny» тобы

4. «Documentum» тобы

Олимпиаданың нәтижесі:

1-орын «Future Destiny» тобы

2-орын «Gold Archive» тобы

3-орын «DiForce» тобы.

Олимпиада жоғары деңгейде өтті, барша қатысшыларға ұнады.