Әл-Фараби бизнес-мектебі кореялық госпитальмен әріптестік орнатты
Al-Farabi Business School ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мақсатында Оңтүстік Кореяның жетекші Bundang Jeasaeng General Hospital госпиталімен кездесу өткізді.
Тараптар денсаулық сақтаудағы MBA бағдарламасы шеңберінде тағылымдамалар мен бірлескен бағдарламаларды дамыту перспективаларын талқылады.
Оңтүстік Корея медицина саласында айтарлықтай нәтижелерге жетіп, әлемдік аренада жетекші орын алған. Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту мақсатында Оңтүстік Корея госпиталінің білім беру бағдарламаларындағы жаңа технологиялар мен заманауи тәсілдерді зерделеуді ұйымдастыру жоспарлануда.
Екі тарап денсаулық сақтау саласын дамытуға ықпал ететін инновациялық бағдарламаларды іске асыруға дайын екенін білдірді. Меморандумға қол қою – тараптар арасындағы белсенді ынтымақтастықтың бастамасы. Бұл ынтымақтастық біздің білім алушылардың мансабына, сонымен қатар республикадағы денсаулық сақтау саласына оның жаһандық мағынада оң әсер ететініне сенімімізді білдіреміз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі