- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қиыр Шығыс кафедрасында ТДМ 13 - гендерлік теңсіздік мәселесіне арналған арнайы ашық тәрбие сағаты өткізілді
Қиыр Шығыс кафедрасында ТДМ 13 - гендерлік теңсіздік мәселесіне арналған арнайы ашық тәрбие сағаты өткізілді
Шығытану факультеті, Қиыр шығыс кафедрасының аға оқытушысы Б.Ташкенбаева және 1 курс магистранттары Разбек Алтынай, Ясын Нұрсәуле, Өмірғали Гүлжайна «Оңтүстік Корея және Қазақстандағы гендерлік теңсіздік» тақырыбында 3 курс студенттерімен ашық тәрбие сағатын өткізді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Қиыр шығыс кафедрасының аға оқытушысы Б.Ташкенбаева және 1 курс магистарнттары өзекті тақырыптың бірі, гендерлік теңсіздік туралы ашық сағатты студеттермен сұхбаттасу форматында өткізді.
Студенттермен бірге әртүрлі мәдени контексттерді түсіну үшін ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы гендерлік динамика туралы хабардар болу үшін маңызды тақырып талқыланды. Тарихи дәстүрі бай, заманауи сын-қатерлері бар Корея мен Қазақстандағы әйелдің құндылығын қарастырылды. Оңтүстік Корея мен Қазақстандағы мәдени дәстүрлер мен әлеуметтік жағдайлардағы айырмашылықтарға қарамастан, екі ел де гендерлік теңдік саласындағы ұқсас қиындықтарға тап болады. Қорытындылай келе, студенттермен жүргізілген кейс ойындардан кейін әйелдің қоғамдағы құндылығын түсіну тек әділдік пен теңдік үшін ғана емес, сонымен бірге жалпы әділетті және гүлденген қоғам құру үшін маңызды екендігі талқыланды.