Қоғамымыздың өзекті мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Қазақстан Республикасының заңнамасында сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілік көзделген. 2024 жылдың 26 сәуірінде «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» атты БҰҰ ТДМ № 16 бағдарламасын жүзеге асыру аясында заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында 212 студенттік тобында «Сыбайлас жемқорлық – ұлттық қауіпсіздікке қатер» тақырыбындағы кураторлық сағат өтті. Мақсаты: студенттерге сыбайлас жемқорлықтың не екендігі туралы түсінік қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың себептерімен, алдын алу шараларымен, жастардың қалай көмектесе алатынымен таныстыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне қатысты өзіндік ұстанымдарын қалыптастыру. Шара барысында студенттер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік танытып, қазіргі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің қаншалықты маңызды екенін көрсетті.