Курсанттардың ғылыми шығармашылығында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету теориясы мен практикасын дамытуFarabi University

Курсанттардың ғылыми шығармашылығында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету теориясы мен практикасын дамыту

25 сәуір, 2024

2024 жылдың 25 сәуірінде «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3 курс студенттері «Курсанттардың ғылыми шығармашылығында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету теориясы мен практикасын дамыту» атты ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Іс-шара Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясында өтті. Конференция жұмысына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Сәтпаев атындағы ҚҰТЗУ, «Тұран» университетінің студенттері, ҚР ҰҚК Шекара академиясының, ҚР ІІМ Есболатоватындағы Алматы академиясының, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары қатысты.  

Конференция қорытындысы бойынша біздің студенттер жүлделі орындарға ие болды: 

1) Н. Ибатолла – І орын дипломы (баяндама тақырыбы «Рухани-адамгершілік құндылықтар және олардың қазақстандық қоғам үшін маңызы»);

2) А. Ахмет – «Өзекті тақырып» номинациясындағы грамота (баяндама тақырыбы:«Лудомания және оның жағымсыз салдарының алдын алу»);

3) А. Жұмабаева – «Шешендік өнер» номинациясы бойынша грамота (баяндама тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар – тәрбие бастауы»).

Студенттерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және оларға одан әрі табыстар мен жетістіктер тілейміз!