- Басты бет
- Жаңалықтар
- әл-Фараби атындағы КазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің командасы халықаралық құқық саласындағы оқу сот процессін жұргізу бойынша Филипп Джессап атындағы кубок үшін халықаралық сайыстың Ұлттық турнирында жеңіске жетті
әл-Фараби атындағы КазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің командасы халықаралық құқық саласындағы оқу сот процессін жұргізу бойынша Филипп Джессап атындағы кубок үшін халықаралық сайыстың Ұлттық турнирында жеңіске жетті
Ф.Джессап атындағы халықаралық сайысы «Студент-заңгерлердің Халықаралық Ассоциациясы» (ILSA, International Law Students' Association) - халықаралық жастар бірлестігі желісі бойынша 1959 жылдан бастап өткізілуде және халықаралық құқық саласындағы жылына 100-ден астам мемлекеттерден қатысушыларды жинайтын әлемдегі ең өкілді конкурс болып саналады.
Осы жылы Конкурстың процессуалдық ісі халықтардың өзін өзі тану құқығы (право народов на самоопределение) және мемлекеттердің экономикалық ресурстарын қорғауға бағытталған әрекеттердің құқықтылығы мәселелеріне арналған.
2010 жылы Ұлттық турнирге Қазақстанның - Алматы, Астана, Ақтау және Қарағанды аймақтарынан әртүрлі жоғарғы оқу орны студенттері қатысты. Алғыр да талантты студенттер Астана қаласында Қазақ гуманитарлық-заң университеті іргесінде екі күндік дебатқа қатысу арқылы халықаралық құқық саласындағы білімдері мен шешендік қабілеттерін тексерді. Сайыстың финалына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚазГЗУ командалары шықты.
Алғаш рет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық мамандығы 3 курс студенттері Нұрғалиева Диляра, Измаганбетова Жарқын, Кулиева Марйам және 1-оқу жылы магистранты Алексеев Александрдан жинақталған команда сйыстың 2010 жылғы Ұлттық сатысының жеңімпазы атанды. Осы команда 2010 жылы наурыз айында АҚШ-та (Вашингтон, Колумбия округі) өтетін Ф.Джессап атындағы халықаралық сайысқа Қазақстанның атынан қатысу құқығына ие болды. Команда капитаны Алексеев А. турнирдің үздік спикері атағын иеленді. Команда жаттықтырушысы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы Нысанбекова Ләззат Бегімжанқызы.
Осы жылдың 19 қаңтар айында халықаралық қатынастар факультетінде сайысқа қатысушылармен кездесу, оларды құттықтау шарасы өтті. Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Айдарбаев С.Ж. студенттерге болашақта да осындай табыстарға жетуді тіледі. Факультет деканы Шакіров К.Н. жеңіскер студенттерге алғыс жариялады.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң командасының Астана қаласына баруы, студенттердің білімдерінің арқасында ғана емес, сонымен қатар Университет басшылығының шексіз қолдауының арқасында мімкін болды. Енді біздің командамыздың алдында осы жылдың наурыз айында Вашингтон қаласында өтетін Ф.Джессап атындағы халықаралық сайыстың финалына лайықтылығын дәлелдеп, мықты команда атану үшін күрес күтіп тұр.