Ботаникалық баққа саяхат!

24 сәуір, 2024

        2023-2024 оқу жылында "Бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы,  ПОК-107 тобының білім алушылары топ кураторы Мадиярова Чинтай Атықанқызының жетекшілігімен "Құрылық экожүйесін сақтау" тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша ботаникалық баққа саяхатқа барды. Білім алушылар ботаникалық бақтың жұмыс ерекшелігі туралы біліп, түрлі географиялық аумақтардан әкелінген өсімдіктердің бағалы түрлерін көрді, олар туралы пайдалы мәліметтер алды. Ботаникалық бақ туралы тарихи деректермен таныса отырып, әлемнің түкпір- түкпірінде өсетін және сирек кездесетін өсімдіктер өсірілетін жылыжай кешенін аралады. Тропикалық және субтропикалық аймақта өсетін түрлі экзотикалық өсімдіктермен танысты. Білім алушылар туған өлкенің табиғатын аялау, экологиялық білімдерін кеңейту қажеттігін, "Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ" деп халық даналығында айтылғандай, әрбір адамзат табиғат алдында өзін жауапты, оны қорғау біздің міндетті борышымыз екенін ұқты.