Оқу үдерісіндегі эксперименттер

30 сәуір, 2024

ТДМ-ның 4-ші мақсатына сай «Сапалы білім беруді» қамтамасыз етуде 2024 жылдың 27 сәуірінде «Экономика» кафедрасының «6В04103 – Экономика» ББ бойынша 3 курс студенттеріне Иляшова Г.К. және Болуспаев Ш.А. оқытушылардың жетекшілігімен «AlmaU университеті» базасындағы «Мінез-құлықтық және эксперименттік экономика зертханасында» гастрольдік сабақ жүргізілді және де ол студенттерді «Мінез-құлықтық және эксперименттік экономика» сабағы аясында нарықтағы тұтынушылардың экономикалық мінез-құлықтарын зерттеудің практикалық аспектісіне үйрету мақсатында ұйымдастырылды.

Гастрольдік сабақ осы саладағы кәсіби маман PhD докторы,  профессор Белянин Алексей Владимировичтің тікелей жетекшілігімен өтті. Студенттер сабақ барысында мінез-құлықтық экономиканың теориялық аспектілерін зерттеп қана қоймай, жүргізілген эксперименттерге белсенді қатысты. Эксперимент жақсы заманауи жарақтандырылған зертханада жүргізілді. Студенттер өз білімдерін нақты жағдайларда қолдануға және аналитикалық ойлау мен проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.