Ғасырлар жаңғырығы: идеялар мен ұсыныстар алаңы

26 сәуір, 2024

2024 жылдың, сәуір айының 26-жұлдызында Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысында орналасқан Жоғары оқу орындарының Тарихшы ғалымдары, жас тарихшылары арасында «Ғасырлар жаңғырығы: идеялар мен ұсыныстар алаңы» атты Форумы «SDU University»  ұйымдастыруымен өтті. Қазақстан тарихы кафедрасының жас ғалымдары PhD  Айбүбі Иманалиқызы Дүйсебаева, PhD Алемжан Ғалымжанұлы Аринов, Тарих білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Арай Мадиевна Махмутова, Іңкәр Русланқызы Сайранбек, Бекарыс Медетұлы Құрманғалиев, Ернар Сұңғатұлы Құнанбай форумға қатысып, тарихшылардың «Hard skills»  және  minor мәселесін талқылауға салды.