Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев

30 сәуір, 2024

1975 жылы 6 қаңтарда туған.  1996 жылы Әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетін Урду тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған;

2017 жылы Швейцарияның Женева дипломатия және халықаралық қатынастар институтының Халықаралық қатынастар магистрі атанды.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде қызметке кірісіп, Орталық аппаратта және Үндістан, Оңтүстік Кореядағы Елшіліктері мен Женевадағы Тұрақты өкілдігінде түрлі дипломатиялық лауазымдарда болды.

2018–2019 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастық ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестірушісі қызметін атқарды.

2019–2021 жж. – Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2022 жылы ақпан айынан бастап Женевадағы БҰҰ жанындағы еліміздің Тұрақты өкілі болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымын атқарды.

 

Басқа жаңалықтар