Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ҚХР-дың Цзинань қаласындағы ғылыми-техникалық бюро және Powerchina Sepco1 Electric Power Construction Co.Ltd компаниясының делегациясы жұмыс сапарымен келді

26 сәуір, 2024

Құрамында Цзинань қаласының ғылыми-техникалық бюросы басқармасының басшысы Чэнь Сиу, Цзинань қаласының экономикалық және ғылыми даму әкімшілік комитеті басшысының орынбасары Ян Синьсин, Powerchina Sepco1 Electric Power Construction Co.Ltd компаниясының халықаралық жобалар бойынша атқарушы директоры Цзя Юаньчао, ҚР-дағы компания филиалы директорының бірінші орынбасары, ЖЭО-2 жобасының жетекшісі Лю Туньи және т.б. лауазымды тұлғалар бар делегация университеттің тарихы мен жетістіктерінен музей аясында мәлімет алды. Өз кезегінде Цзинань қаласының ғылыми-техникалық бюросы басқармасының басшысы Чэнь Сиу экскурсияға зор ризашылығын, жылы лебізін білдірді