2024 жылдың 30 сәуірінде №16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» ТДМ шеңберінде «1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі» күніне орай «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық » кафедрасы заң ғылымдарының кандидаты Турсынкулова Д. А. 306-топ студенттерімен бірге Қазақстан халықтарының бірлестігі күніне орай достық нышанындағы вебинар өткізді. Вебинар барысында студенттер арасында бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Турсынкулова Д. А. бұл мерекенің қоғам үшін маңызы туралы тарихи деректермен бөлісті. Сабақ барысында толеранттылық, ел арасындағы достық және ынтымақтастық тақырыптары талқыланды. Бұл вебинар студенттерге бүгінгі әлемде бірлік пен бейбітшіліктің маңыздылығын тереңірек түсінуге көмектесті. Студенттер осы тақырыпқа байланысты эссе жазып, әр елдің ұлттық киімдерін киіп, өз ойларымен бөлісті.