18.04.2024 күні Филология факультеті, Шетел филологиясы және Аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен Синхронды аударма мамандығының 1-курс магистранттары Бокенбай Д.А., Токенбаева Л.С., Шафиги А.У. және топ эдвайзері Бектурова Э.К. «Тұрақты даму мақсаттары» жобасының аясында “6В02304 Шетел филологиясы” мамандығының 3-курс студенттерімен «Аштықты жою» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Студенттерді 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Тұрақты даму саласындағы жалпы әлемдік мақсаттар" тұжырымдамасымен таныстыру. Әлемдегі аштықтың бар-жоғын түсінуді қалыптастыру. Сондай-ақ, аштықтың себептерін көрсету арқылы әлемдегі аштық мәселесін түсінуге көмектесу. Ашық тәрбие сағаты пікір алмасу түрінде өтіп, оған 21 студент қатысты. Тәрбие сағатында студенттер өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарға белсенді жауап берді. Олар аштықты жою және бәрін, әсіресе нәрестелерді қосқанда халықтың табысы аз әрі осал топтарын қауіпсіз, құнарлы және жеткілікті тағамға жыл бойғы қолжетімділікпен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Талқылау аштықтың тарихы, нөлдік аштық және Африкадағы аштық сияқты тақырыптарға негізделген викторинамен жалғасып, студенттерден қанағаттанарлық жауаптар алынды. Сабақ өз мақсатына жетті.