ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойы аясында университетте түркі әлемінің кино және медиа факультеттерінің студенттеріне арналған Farabi Film Festival кинофестивалі өтті

30 сәуір, 2024
Ұйымдастырылған кинофестивальға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан және Түрікменстан студенттері, оқытушылары мен кинематографистері қатысты. Кампус тур  барысында қонақтар университет мұражайын аралады. 90-жылдық тарихы бар университет тарихы музей экспозицияларында көрнекті көрсетілген. Ош мемлекеттік университетінің өнер факультетінің оқытушысы А.Қапаров барша қатысушылар атынан Құрмет кітабында өздерінің игі тілектерін қалдырды