«Маркетинг» мамандығы бойынша РСПО

2 мамыр, 2024

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Маркетинг» мамандығының студенттері ПеченюкАнастасия, Хусаинова Дильназ және Гузеев Лев «Нархоз» университетінде өткен Республикалық студенттік пәндіколимпиадаға «Маркетинг» мамандығы бойынша қатысты.

Студенттер түрлі пәндер бойынша республикалықолимпиадаға қатысып, оқуда алған үздік білімдерін тағыбір дәлелдеді. Олар көптеген қатысушылардың арасынанлайықты екінші орынды иеленіп, жоғары білім мен кәсібишеберлілік танытты.

Олимпиаданың қорытынды туры төрт кезеңнентұрды. Бірінші кезеңде студенттер өз командасы мен университетін бейнеролик түрінде таныстырды. Екіншікезеңде ұжым алдын-ала дайындалған жобалары мен жарнамалық роликтерін ұсынды. Соңғы кезең жұмысберуші ұсынған кейсті шешу болды. Барлық кезеңдестуденттеріміз өздерін өте жоғары деңгейде көрсетті.

Бұл жеңіс әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің бірегей академиялық бағдарламаларымен сапалы мамандарды дайындаудың айқын дәлелі. Студенттер өздерінің таланттары мен дағдыларынкөрсетіп қана қоймай, оларды тәжірибеде сәтті қолданып, тамаша нәтижелерге қол жеткізді.

 

Ғылыми жетекшілері: Ахметова З.Б., Рысбаева Б.Б.