Сапалы білімді беру

2 мамыр, 2024

БҰҰ-ның ТДМ №4 «Сапалы білімді беру» мақсатында ұйымдасқан түрде өткізілетін іс-шаралардың бірі ретінде республикалық деңгейде 2024 жылғы 1 сәуірден 12 сәуірге дейін «Қосымша білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының қосымша білім беру мекемелерінің педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстары өткізілді.

Дәріскер ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к. Сманова Ақмарал Бақтиярқызы онлайн режимде дәріс жүргізген болатын.

Дәрістің мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша, сондай-ақ білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы ҚР қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерін түсіндіру.

Конференцияға қатысушылар ұйым басшыларының халыққа ақпарат беру бойынша іс жүргізуінде НҚА-ны іске асыру жөніндегі ұйымның сайттары мен интернет-ресурстарын қарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды.