Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар
БҰҰ-ның «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар» 16 ТДМ іске асыру шеңберінде 2024 жылғы 19 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің 1 курс студенттері мен Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к. Ақмарал Бахтиярқызы Сманованың жетекшілігімен Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қылмыстық іс бойынша қаралып жатқан соттың процессіне қатысқан болатын.
Болашақ заңгерлер сот процесіне судьяның үкімді жариялау кезеңіне қатысушы ретінде шақырылған. Бұл процеске қатысу - судьялардың қылмыстық істер бойынша іс жүргізуді іс жүзінде орындауын көрсету ғана емес, сонымен қатар студенттердің болашақта құқық бұзушылыққа қарсы қоғам үшін әділ шешім шығаратын судья болуын таңдау.
Үкімді жария ету үшін Алматы қаласы Бостандық ауданы прокуратурасының прокуроры Нұрсұлтан Ахатұлы Керімқұлов (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі) болашақ заңгерлерді қылмыстық процеске қатысуға шақырды.
Іс қағаздарын жүргізуге практикалық қатысу үшін студенттерді тартуға көмектескеніңіз үшін көп рахмет. Бұл болашақта Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекетті қалыптастыруды жалғастыратын болашақ заңгерлердің өскелең ұрпағының құқықтық санасын қалыптастыру үшін үлкен үлес.