«Жас мамандар мен Философия докторларының (PhD) жұмысты өтеу»

2 мамыр, 2024

   

   Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универитетінің  25.04.2024ж. күні Астана қаласы Қаржылық Орталығынан келген маманның «Жас мамандар мен Философия докторларының (PhD) жұмысты өтеу» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу  барысында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бакалавриат, магистратура, докторантура ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы (мемлекеттік тапсырыс) негізінде білім алатын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін тиiстi ұйымдарда жұмыс өтелімі үш жыл немесе екi жылға немесе мемлекеттiк тапсырыс бойынша оқу мерзiмiне сәйкес белгiлені айтылды.

     Мемлекет тапсырысы бойынша  жоғары оқу орнын бітірушілер бакалавриат үшін 3 жыл жұмыс өтелімі керек екенін, егерде бірден магистратураға түсетін болса,онда тек магистратураның жұмыс өтелімі 2 жыл  өтеліуі керек  екен. Белгілі дәлелдеме құжаттар арқылы I-II мүгедектігі бар жәнеде жүктілік пен 3 жасқа дейінгі балалары бар бітірушілер үшін жұмыс өтелімі болмайтыны туралы да айтылды. Кедесудің соңында бітірушілердің қойған сұрақтарына Қаржылық орталығынан келген маман иегерінің толықтай түсінікті етіп жауап бергенімен аяқталды.