Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына саяхат

29 сәуір, 2024

     29.04.2024 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің ПДР-106 тобының білім алушылары топ кураторы Саян Л. жетекшілігімен “Сапалы білім” ТДМ-4 аясында  Ә. Қастаев атындағы өнер мұражайына саяхат жасады.

      Мақсаты: мәдени орындарды көрсету арқылы бала бойына рухани азық сіңіру.

     Экскурсияға қатысушылар Қазақстан, Таяу Шығыс, Жапония, Қытай, Батыс Еуропа елдерінің өнерімен танысты. Мұражай экспозициясына дәстүрлі өнердің үздік үлгілері енгізілген, бұл студенттерге Қазақстан мен жалпы Орталық Азия мәдениетінің ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін дамуы туралы түсінік алуға мүмкіндік берді. Мұражай қызметкерлерінің көмегімен, оқушылар керемет өнер туындыларымен танысып әрі қызығушылық таныта отырып, керемет көңіл күйде қайтты.