Колледжде спорт түрлерінен жарыс өткізілді

30 сәуір, 2024

   30 сәуір 2024 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде  1-мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Дене шынықтыру» пән оқытушыларының ұйымдастыруымен 1-2 курс білім алушыларының арасында спорттық жарыс түрлері волейбол, футболдан турнир өтті. Турнирді өткізудегі басты мақсат- жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және спортқа баулу, өзара достық пен ынтымақтастықты нығайту.

     Жарыста футбол спорт түрінен 6 команда, волейболдан 3 команда, жалпы колледж бойынша 53 білім алушы қатысты. Аталған жарыста футбол спорт түрінен жүлделі 1 орынды «Орбита» командасы, 2 орынды «Мадрид» командасы, 3 орынды «Алаш» командасы иеленді.  Волейболдан жүлделі 1 орынды «Қыран» командасы, 2 орынды «Тигр» командасы, 3 орынды «Барс» командасы иеленді.