Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдық мерейтойына орай 2024 жылдың 1-2 сәуірінде Химия және химиялық технология факультетінде 3-4 курс студенттері арасында «Үздік Коллоидник-2024» Республикалық олимпиадасы өтті.
Олимпиада «Коллоидтық химия және беттік құбылыстар» тақырыбы қарастырылды. Олимпиада теориялық және практикалық бөлімдерінен тұрды. Теориялық бөлімнен үздіктері іріктеліп, практикалық бөлімде білімдерінің өте жақсы екендігін көрсетті. Олимпиада нәтижелері:
І орын - Ергешов Мақсат Илдарұлы,
ІІ орын - Муканов Аскар Маратович, Толегенова Дильназ Ахметқызы,
ІІІ орын - Әбдімомын Бақыт Санатқызы, Тәттібай Әлішер Даниярұлы, Садуахасова Арай Амангелдикызы.
Жеңімпаздар дипломмен марапатталып, қаржылай сыйақы алды.
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Мемлекет басшысы жолдауларында да білім мен ғылымға жастардың ынтасын ашып, болашаққа бағдар жасау үшін жастардың білім алуға, ғылыммен айналысуға деген жағдайын жақсартуды меңзеп отырады. Осы бағытта Республикалық олимпиадаға қатысқан студенттердің білімі терең, ұшқыр ойлы екендігі анықталды.
Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы олимпиада жеңімпаздарын құттықтайды және алдағы табыстар тілейді!