- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қоршаған орта мен ластанудың қатерлі ісік ауруының таралуына әсері» (ТДМ 6: Жақсы денсаулық және әл-ауқат) атты ғылыми семинар өтті
«Қоршаған орта мен ластанудың қатерлі ісік ауруының таралуына әсері» (ТДМ 6: Жақсы денсаулық және әл-ауқат) атты ғылыми семинар өтті
![](/storage/news/21513801716634d90dcb92f038448392_WhatsApp Image 2024-04-18 at 173332.jpeg)
2024 жылдың 03 мамырында биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасында тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 6: Жақсы денсаулық және әл-ауқат) аясында «Қоршаған орта мен ластанудың қатерлі ісік ауруының таралуына әсері» атты ғылыми семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – қатерлі ісік ауруларының дамуы мен таралуына қоршаған ортаның ластануының әсері туралы зерттеулердің маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру.
Баяндамамен «7М05105 – Генетика» БББ 1 курс магистранттары З.Даирбекова, Р.Моисеев, Ә.Махамбетов жасады. Баяндамаларда биология және генетика, онкологиялық аурулардың себептері мен даму механизмдері бойынша ғылыми-аналитикалық шолу ұсынылды, онкогенетика бойынша ағымдағы зерттеулер көрсетілді, онкологиялық аурулардың әлемде және Қазақстанда таралуы туралы ақпарат берілді. Негізгі канцерогендер мен антикарциногендердің мысалдары да келтірілді.
Өтетін орны: ҚазҰУ. әл-Фараби, биология және биотехнология факультеті, 526 ауд., уақыты: 14.00. Ұйымдастырушылар: б.ғ.д, профессор Колумбаева С.Ж., PhD Ловинская А.В., «7М05105 – Генетика» БББ магистранттары.
Басқа жаңалықтар
![](/storage/news/2801870279669de8679bc1d452628194_4.jpg)
![](/storage/news/3143404026669a457ef1a67363282100_10.jpeg)
![](/storage/news/33871989506699f775bddfe215293067_(3).jpg)