«Кітап – білім, мүмкіндік және болашақ бастауы» тақырыбында іс-шара

29 сәуір, 2024

 

2024 жылдың 29 сәуірінде Әл-Фараби кітапханасында «Кітап – білім, мүмкіндік және болашақ бастауы» тақырыбында іс-шара өткізілді. «Тұрақты даму мақсаттарының – Сапалы білім» бағыты аясында өткізілген іс-шара барысында кітаптар көрмесі, кітапхана ішінде экскурсия өткізіліп, дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушыларының кітаптары, оқулықтары мен монографиялары кітапханаға тарту етілді. Іс-шараға қатысқан студенттер, ұстаздар кітапхана қорлары мен электрондық кітапхананың мүмкіндіктерімен танысып, мол ақпарат алды. Іс-шараның өткізілуіне атсалысқан Әл-Фараби кітапханасының қызметкерлеріне ұйымдастырушылар дінтану және мәдениеттану кафедрасы атынан алғыс білдірді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Утебаева Д.С. PhD, доцент м.а., Байтенова Н.Ж. филос. ғ.д., профессор, Борбасова Қ.М. филос. ғ.д., доцент, Қантарбаева Ж.О. филос. ғ.к., аға оқытушы, дінтану мамандығының магистранттары Алибаева А.А., Джундыбаева Г.Д., Разбекова М.К., Абдуллин А.А.