Жаһандық ең төменгі салық: банк секторы үшін стресс-тест?

4 мамыр, 2024

Бүгін Чехияның Карлов университетінің (Karls-Universität Prag) PHD бағдарламасының 3 курс докторанты Alessandro Chiari қонақ дәрісі өтті. Бакалавриат пен магистратура студенттері шақырылды.

Дәріс тақырыбы: Global Minimum Tax: a stress test for the banking sector? (Жаһандық минимум салық: банк секторы үшін стресс-тест?)

Дәріс ағылшын тілінде өткізілді. Алессандро әлемдік минимум салықтың Еуропалық одақтың қаржы, атап айтқанда банк секторына әсерін талдады. Дәріс барысында ол зерттеу кезеңдерін, деректер көздерін және өз моделінің эконометрикалық талдауын таныстырды. Студент аталған зерттеудің теориялық және практикалық аспектілерін зерттеп, қорытындылай келе, жоғары табыстылығымен ерекшеленетін банктердің көпшілігі бекітілген салықтың салдарынан қосымша тәуекелдерге тап болуы мүмкін деген пікірін білдірді. Алайда, қалған қаржы кәсіпорындары салықтың ерекше әсерін сезінбейді.

Дәріс соңында студенттер мен оқытушылар салық және модельдің эконометрикалық маңыздылығы тақырыбына қатысты сұрақтар қойды.

Бұл кездесу университеттер мен жоғары оқу орындары студенттері арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың және халықаралық кооперацияны күшейтудің бастамасы болды деп сенгіміз келеді (ТДМ4, ТДМ17).