Шығыстану және ЖООД факультет студенттерімен семинар-тренинг
01.05.2024 ҚазҰУ-дың психологиялық қолдау қызметі ЖООД және Шығыстану факультеттерімен "Зиянды заттардан Прафилактика және стресске төзімділік" тақырыбында семинар-треннинг өткізді.
Бұл жобада психология мамандары қиын жағдайда студенттер қандай әрекеттер жасауы керек екенін қарастырды. Стрессті жеңуді және зиянды заттардан аулақ болуды Үйренетін әртүрлі психологиялық жаттығулар ойналады.
Бұл жобаның ұйымдастырушылары:
- ҚазҰУ әлеуметтік даму және жастармен жұмыс департаменті.Әл-фараби.
- "Психологиялық көмек" қызметі
- "Partners in health" халықаралық коммерциялық емес қоғамдық денсаулық сақтау ұйымы.
- "КЕРЕМЕТ" студенттерге қызмет көрсету орталығы
Бұл жоба апта сайын, оқу жылының соңына дейін өткізіледі. Жақсы нәтиже береді деп үміттенеміз!
"Partners in health" ҰК жастарына осындай жобаларды ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс айтамыз,